ОТӘЭ Филиалы

 

 Орталық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы қызметінің негізгі бағыттары - 

  • тау-кен өндірісін жобалау;
  • пайдалы қазбалардың қорын есептеу үшін өнеркәсіптік жағдайлардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу;
  • уран және ілеспе компоненттердің қорларын есептей отырып, уран кен орындарын егжей-тегжейлі барлау нәтижелері бойынша геологиялық есептерді әзірлеу;
  • уран кен орындары мен кенучаскелерін бағалау және егжей-тегжейлі барлау кезінде геологиялық барлау өндірісі бойынша жобаларды әзірлеу;
  • геологиялық барлау жұмыстарын геологиялық және экологиялық қамтамасыз ету;
  • қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету;
  • геологиялық барлау, экологиялық, технологиялық және аналитикалық жұмыстардың әдістерін әзірлеу саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
  • бұрғылау және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін техникалық құралдарды жобалау және енгізу;
  • бұрғылау жұмыстары технологиясын жетілдіру;
  • бұрғылау ерітінділерінің рецептурасын әзірлеу және жетілдіру;
  • геологиялық-геофизикалық мәліметтердің ақпараттық-аналитикалық жүйесін әзірлеу;
  • уран бойынша ұңғымалық зерттеулердің ретроспективті және ағымдағы деректерінің деректер банкін жүргізу;
  • барлау ұңғымаларының, қималардың, карталардың электрондық кен паспорттарын әзірлеу;
  • судың, кендердің, тау жыныстарының, жердің, топырақтың және технологиялық ерітінділердің үлгілерін сынауды ұйымдастыру және өткізу.

 

ОТӘЭ базасында химиялық-аналитикалық зертхана сәтті жұмыс істейді -

 

ЗЕРТХАНАНЫҢ ОРЫНДАЙТЫН ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ СПЕКТРІ

Химиялық бөлім - 

  • Су үлгілерінің толық және қысқартылған химиялық талдауы
  • Кен, тау жыныстары, технологиялық ерітінділердің үлгілерін талдау
  • Гамма-спектрометрия үшін су үлгілерін радиохимиялық дайындау, жалпы альфа және бета белсенділіктерін, полоний-210 және қорғасын-210 өлшеу
  • Optima 7000 DV PerkinElmer атомдық эмиссиялық спектрометрде су, кен және топырақ үлгілерінің атомдық эмиссиялық спектрометриялық талдауы

Физикалық бөлім

  • Кен, тау жыныстары, жер, топырақ, өсімдік күлі, шлам үлгілерінің элементтерін рентгендік флуоресцентті талдау
  • Су үлгілеріндегі полоний-210 және қорғасын-210 құрамын анықтау
  • Кендердің, тау жыныстарының, жердің, топырақтың, шламның, күлдің гамма-спектрометриялық талдауы
  • Жердің, топырақтың, шламның, күлдің, судың жалпы альфа және бета белсенділігін анықтау

Технологиялық бөлім -

  • Кен, тау жыныстары, топырақ, шлам үлгілерін сынауға дайындау
  • Уранды жерасты шаймалау процестерін модельдеу бойынша технологиялық сынақтарды жүргізу;
  • Үлгілердің минералдық құрамын анықтау
  • Байланысқан жәнебайланыссыз топырақтардың гранулометриялық құрамын және физикалық-механикалық қасиеттерін анықтау 

ОТӘЭ базасында бұрғылау және барлаудың жаңа технологиялары партиясы құрылды, оның құрамына -

  • Бұрғылаудың жаңа технологиялары тобы
  • Іздеу және болжау тобы

Бұрғылау және барлаудың жаңа технологиялары партиясының міндеттері - 

  • Бұрғылау және геологиялық барлау жұмыстарының техникалық құралдарын жобалау және енгізу
  • Жаңа бұрғылау агрегаттарын енгізу
  • Бұрғылау жұмыстарының технологиясын жетілдіру
  • Бұрғылау ерітінділерінің рецептурасын әзірлеу және жетілдіру
  • Ұңғымаларды бұрғылау процесін жедел басқару жүйесін қолдау
  • Технологиялық ұңғымаларды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын (ЖҚЖ) бақылау және үйлестіру
  • Жаңа бұрғылау құралдары мен қалпына келтірген құралдарды бақылау
  • Геологиялық барлау және болжау жұмыстары әдістерін әзірлеу саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу

 

Орталық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының Email -Secretar_come@vg.kazatomprom.kz

 

Байланыс:

Алматы қаласы, Грибоедов көшесі, 68

тел.:  8 /727/ 380-74-22

факс: 8 /727/ 382-24-50