Ұңғымаларды салу
Өндіру жұмыстарын қамтамасыз ету үшін геологиялық барлау, гидрогеологиялық, технологиялық ұңғымаларды салу.
Уран кен орындарын іздеу және барлау
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жүйесінің уран кен орындарында геологиялық қамтамасыз ету және технологиялық бұрғылау жөніндегі негізгі кәсіпорны.

«Волковгеология» АҚ 1948 жылдан бері 40-тан астам уран кен орындарын ашты және жалпы 1,3 миллион тоннадан астам уран қорын құрайтын Қазақстандағы уран өндіру өнеркәсібінің әлемдегі ең ірі минералдық-шикізаттық базасын құрды. Бұл базаның негізін «Волковгеология» АҚ-мен Оңтүстік Қазақстанда ашылған гидрогенді 19 ірі және бірегей уран кен орындары құрайды.
Өндіру жұмыстарын қамтамасыз ету үшін геологиялық барлау, гидрогеологиялық, технологиялық ұңғымаларды салу.
Қазақстан Республикасының уран шикізат базасын одан әрі дамыту үшін қабат-инфильтрациялық уран кен орындарын іздеу және барлау.
Қазақстан аумағындағы радиоэкологиялық жағдайдың жай-күйін бағалау және геологиялық барлау мен технологиялық бұрғылау жұмыстарын радиоэкологиялық қолдау.
Тау жыныстары мен жер асты суларындағы радиоактивті және ілеспе элементтерді анықтау.
«Волковгеология» АҚ құрылымына Орталық басқару аппараты (ОБА) және 6 филиал кіреді: «Оңтүстік ВГ», № 5 және № 23 геологиялық барлау экспедициялары (ГБЭ), Орталық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция (ОТӘЭ), Өндірістік-техникалық қамтамасыз ету және жабдықтау басқармасы (ӨТҚЖБ), сонымен қатар «Геотехноцентр» (ГТЦ).
Алматы қ. — Орталық басқару аппараты
ФилиалдарҚазатомөнеркәсіп пен Қызылорда облысының әкімдігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды: 2026–2027 жылдары ауылдық клуб, емхана және спорт кешенін салуға 2,1 млрд теңгеден астам қаржы бағытталды.
ҚБТУ-да «Уран ісі» бағдарламасының студенттеріне арналған атом және уран өнеркәсібінің алғашқы мамандандырылған кабинеті және «Волковгеология» АҚ атынан табысталған БПУ-1200 МК бұрғылау қондырғысы ашылды.
Қазатомөнеркәсіп мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП, Қазақстан машина жасаушылар одағы және отандық бизнес өкілдерінің басын қосып, импортты алмастыру мен қазақстандық өндірушілердің сатып алуларға қатысуын кеңейту мәселелерін талқылады.
050012, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Бөгенбай батыр көш., 168 · Телефон: +7 (727) 343-60-00 · E-mail: priemnaya@vg.kazatomprom.kz