Негізгі мазмұнға өту

ӨТҚЖБ филиалы туралы

Даму тарихы

1958 жылы Волков экспедициясы жанынан Алматы қаласында жөндеу-механикалық шеберхана (ЖМШ), Алматы облысында көлік-жөндеу базасы (КЖБ) құрылды. Бөлімшелер өз жөндеу-механикалық базасы жоқ далалық партияларды көлік және жөндеу жұмыстарымен, қосалқы бөлшектермен, бұрғылау құралымен және стандартты емес жабдықпен қамтамасыз етті.

ЖМШ бұрғылау құралын, қосалқы бөлшектер мен стандартты емес жабдық жасап, тау-кен бұрғылау жабдығын жөндеді. КЖБ автомобильдерді жөндеп, жүк тасымалдауды қамтамасыз етті.

Далалық бөлімшелерде геологиялық барлау жұмыстарының көлемі артқан соң ЖМШ мен КЖБ өндірісін ұлғайту қажет болды. Сондықтан 1980 жылы Іле ауданындағы өндірістік алаң базасында екі кәсіпорын біріктіріліп, Өндірістік-техникалық қамтамасыз ету және жабдықтау басқармасы (ӨТҚЖБ) болып қайта аталды.

Кеңейген цехтар үшін өндірістік корпус, әкімшілік-тұрмыстық ғимарат, автокөлік профилакторийі, механикаландырылған қойма және қазандық салынды. Филиал құрамына қазіргі Теміржол маңындағы база (бұрынғы КЖБ) аумағындағы тауарлық-материалдық құндылықтар қоймалары мен теміржол тұйығы да кірді.