Компания туралы
«Волковгеология» АҚ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметінің барлық бағыттарын геологиялық қамтамасыз ету бойынша және компанияның уран өндіруші кәсіпорындарының тау-кен дайындық жұмыстары үшін технологиялық бұрғылауды жүргізу бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жүйесінің негізгі кәсіпорны болып табылады.
Тарих
- 1947
КСРО Геология министрінің 1947 жылғы 29 қазандағы № 173 бұйрығы — КСРО қорғаныс кешені мен атом энергетикасының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан аумағында уран кендерін іздеу, барлау міндеттері жүктелді.
- 1948
1 қаңтарда Волков геологиялық барлау экспедициясы құрылды. «Волковгеология» АҚ өзінің өндірістік қызметінің бағыттары бойынша — оның мұрагері.
- 1953
Экспедиция жұмысының алғашқы жылдарында ашылған Қордай жоғары сапалы уран рудаларының кен орны аз уақыт ішінде барланып, өнеркәсіптік игеруге берілді.
- 1969–1980
Ең ірі ашылымдар: Оңтүстік Қазақстанда уран кенінің қоры бойынша дүние жүзінде ең үлкен болып табылатын Шу-Сарысу және Іле ойпаңдары уран провинциясы табылды.
- Бүгін
Технологиялық бұрғылауды — технологиялық ұңғымаларды салуды — үлкен көлемде жүргізу арқылы уран кен орындарының жаңа учаскелерін пайдалануға дайындау.
«Волковгеология» АҚ өзінің 78 жылдық тарихында 40-тан астам уран кен орындарын ашты және жалпы 1,3 миллион тоннадан астам уран қорын құрайтын Қазақстандағы уран өндіру өнеркәсібінің әлемдегі ең ірі минералдық-шикізаттық базасын құрды. Бұл базаның негізін «Волковгеология» АҚ-мен Оңтүстік Қазақстанда ашылған гидрогенді 19 ірі және бірегей уран кен орындары құрайды. Олар жерасты сілтісіздендірудің жоғары тиімді әдісімен өндіруге жарамды.
Осы ашылулардың арқасында Қазақстан жерасты шаймалау әдісімен өндіруге жарамды барланған уран қоры бойынша әлемдік көшбасшыға айналды.
Қатты пайдалы қазбалар
Уран өнеркәсібі саласындағы жұмыстардан басқа, «Волковгеология» АҚ қатты пайдалы қазбаларды іздеу және барлау жұмыстарын жүргізді, нәтижесінде:
- Родниковое полиметалл кен орны ашылды, оның қорлары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қорлар комитетінде бекітілген
- Құйған-Майбұлақ мыс кен орындары тобы ашылды
- қаптау материалдарының бірқатар кен орындары барланған: жасыл гранит, мәрмәр конгломераттар және туфтар
- Үлкен Қаратау және Шу-Іле-Кендіктас өңірінде алтын кен білінімдері барланды
- Қытай Халық Республикасында үлкен көлемде геологиялық зерттеулер мен бұрғылау жұмыстары жүргізілді
Марапаттар
- Еңбек Қызыл Ту Ордені, КОБОК (Кәсіптік Одақтардың Бүкілодақтық Орталық Кеңесі) мен КСРО ХШЖК-нің ауыспалы тулары
- Жетекші кәсіпорындарды марапаттау швейцариялық бағдарламасы — «Сапасы үшін Еуропалық ГРАН-ПРИ» — 2014 ж.
- Қазақстан Республикасының «АЛТЫН ГЕФЕСТ» Ұлттық салалық байқауының «Отандық мақтаныш» номинациясы бойынша жеңімпазы — 2011 ж.
- «Волковгеология» АҚ «№ 7 геологиялық барлау экспедициясы» филиалы директорының «Алтын Гефест» байқауында «Жыл геологы» номинациясы бойынша жеңісі — 2012 ж.
Компания құрылымы
«Волковгеология» АҚ құрылымына Орталық басқару аппараты (ОБА) және 6 филиал кіреді.
«Волковгеология» АҚ миссиясы
Тұрақты даму қағидаттарын сақтай отырып, Қазақстан Республикасындағы уран өнеркәсібінің және қатты пайдалы қазбалардың ресурстық базасын кеңейту және толықтыру мақсатында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу.
Корпоративтік құндылықтар
- 01Қауіпсіздік
- 02Жауапкершілік
- 03Кәсібилік
- 04Даму
- 05Команда
Даму стратегиясы
«Волковгеология» АҚ-ның 2025–2034 жылдарға арналған даму стратегиясы
Стратегия — компания қызметінің стратегиялық бағытын, алдағы 10 жылдық кезеңге арналған стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді айқындайтын іргелі ұзақ мерзімді құжат. Онда миссия, пайым, қызметтің стратегиялық негізгі көрсеткіштері, Қоғамның мақсаттары мен міндеттері және оларды шешу тетігі белгіленген.
Стратегия «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Даму стратегиясымен, Қоғамның Жарғысымен және Тұрақты даму саласындағы саясатымен үйлеседі. Ол Қоғамның «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жүйесінде оның қызметінің барлық бағыттарын геологиялық қамтамасыз ету және уран өндіруші кәсіпорындардың тау-кен дайындау жұмыстары үшін технологиялық бұрғылау жүргізу жөніндегі негізгі кәсіпорын ретіндегі орнына сүйенеді.
Қоғам нарықтың өзгермелі жағдайларына тиімді бейімделе алатын және геологиялық барлау, ұңғымаларды бұрғылау мен салу, отандық уран өнеркәсібін шикізат базасымен қамтамасыз ету салаларында көшбасшы болып қала беретін икемді, инновациялық және озық ұйым құруға ұмтылады.
Стратегиялық мақсат 1
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның уран өндіруші кәсіпорындарын тұрақты қамтамасыз ету, әлеуметтік-экономикалық даму және Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігінің қажетті деңгейін ұстап тұру үшін уранның минералдық-шикізат базасын озық қарқынмен ұлғайту
- Стратегиялық міндет 1Қазақстан Республикасының аумағында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу арқылы жер қойнауының геологиялық зерттелу деңгейін арттыру
- Стратегиялық міндет 2Тарихи геологиялық деректерді талдау негізінде болжау сапасын жақсарту
Стратегиялық мақсат 2
Қызмет тиімділігін арттыру есебінен кәсіпорын құнының өсуі
- Стратегиялық міндет 3Заманауи технологияларды қолдану арқылы геологиялық барлау жұмыстарының тиімділігі мен сапасын арттыру
- Стратегиялық міндет 4Технологиялық ұңғымаларды бұрғылау және салу процестерінің тиімділігін арттыру
- Стратегиялық міндет 5Қоғам қызметін әртараптандыру. Ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту
- Стратегиялық міндет 6HR бизнес-серіктестікті дамыту
- Стратегиялық міндет 7ESG қағидаттарына негізделген тұрақты даму және жаңа бизнес-практикаларды енгізу
