Негізгі мазмұнға өту
09 маусым 2026

«Волковгеология» АҚ-ның 2025 жылға бекітілген дивидендтерінің мөлшері туралы ақпарат

«Волковгеология» акционерлік қоғамы БСН 940740001484 Қазақстан Республикасы, 050012, Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 168 мекенжайында орналасқан, ЖСК KZ646010131000206180 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (БСК HSBKKZKX), 2026 жылдың 29 мамырда қорытындылары шығарылған акционерлердің жылдық жалпы жиналысында дивидендтерді төлеуге 5 870 180 000 (бес миллиард сегіз жүз жетпіс миллион бір жүз сексен мың) теңге бөлу туралы шешім қабылданғаны туралы хабарлайды:

  • жай акциялар бойынша – 5 857 828 792,12 (бес миллиард сегіз жүз елу жеті миллион сегіз жүз жиырма сегіз мың жеті жүз тоқсан екі) теңге 12 тиын.
  • артықшылықты акциялар бойынша – 12 351 207,88 (он екі миллион үш жүз елу бір мың екі жүз жеті) теңге 88 тиын.

«Волковгеология» АҚ бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшері 162 (бір жүз алпыс екі) теңгені 82 тиынды құрайды.

Акционерлерге дивидендтер төлеу банктік аударым арқылы есеп айырысу шоттарына ақшаны аудару арқылы жүзеге асырылады.

Төлемнің басталу күні: 2026 жылдың 10 маусымнан бастап.