Негізгі мазмұнға өту
16 маусым 2022

2021 жылға дивидендтер төлеу туралы хабарландыру

2022 жылғы 31 мамырда акционерлердің жалпы жиналысы өткенін, онда «Волковгеология» АҚ-ның 2021 жылға арналған жылдық қаржылық есептілігі бекітілгенін хабарлаймыз. «Волковгеология» АҚ 2021 жылға қаржылық қызметінің қорытындысы бойынша, «Волковгеология» АҚ Жарғысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына сәйкес, «Волковгеология» АҚ 2021 жылға артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді 2022 жылғы 22 маусымнан бастап төлейтін болады.

Қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтің кепілдік берілген мөлшері 8 теңге 50 тиынды құрайды.

Акционерлерге дивидендтерді төлеу банктік аударым арқылы жүзеге асырылады.

«Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ-да акционердің ағымдағы деректемелері (жеке басын куәландыратын құжаттар және банктік шоттар) туралы мәліметтер болмаған жағдайда, Алматы қ., Сәтпаев көш., 30/8, «Тенгиз тауэрс» тұрғын үй кешенінің аумағында (Сәтпаева көшесінің оңтүстігі, Есентай өзенінің шығыс жағалауы – Қазақстан Республикасы Ұлттық банкіне қарама-қарсы), ресми сайты – www.kacd.kz байланыс телефоны 8 (727) 262‑08‑46, 355-47-60 мекенжайы бойынша орналасқан «Бағалы қағаздар орталық депозитарийінің» Қоғам акцияларын ұстаушылар тізілімдері жүйесіне қажетті мәліметтер енгізілгенге дейін артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу жүзеге асырылмайтынын естеріңізге саламыз.