Негізгі мазмұнға өту
04 маусым 2026

2025 жылға дивидендтер төлеу туралы хабарландыру

«Волковгеология» акционерлік қоғамы БСН 940740001484, Қазақстан Республикасы, 050012, Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 168 мекен-жайы бойынша орналасқан, банк деректемелері: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, БСК HSBKKZKX, ЖСК KZ646010131000206180.

2026 жылғы 29 мамырда акционерлердің жылдық жалпы жиналысы өткізілгені туралы хабарлайды, онда «Волковгеология» АҚ-ның 2025 жылғы жылдық қаржылық есептілігі бекітілген. «Волковгеология» АҚ-ның 2025 жылғы қаржылық қызметінің нәтижелері бойынша «Волковгеология» АҚ жарғысына, сондай-ақ «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңына, «Волковгеология» АҚ-ның артықшылықты акциялар бойынша 2025 жылға дивидендтер төлеу 2026 жылдың 10 маусымнан бастап жүзеге асырылатын болады.

Қоғамның артықшылықты акциясы дивидендінің мөлшері 162 теңге 82 тиынды құрайды.

Акционерлерге дивидендтер төлеу банктік аударым арқылы есеп айырысу шоттарына аудару арқылы ақшалай жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ-да акционердің өзекті деректемелері (жеке басын куәландыратын құжаттар және банктік шоттар) туралы мәліметтер болмаған жағдайда, артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді төлеу Қоғамның акцияларын ұстаушылар тізімдерінің жүйесіне қажетті мәліметтер Алматы қ., Сәтбаев көшесі, 30/8 үй, «Тенгиз тауэрс» ТК аумағында (Сәтбаев көшесінің оңтүстігінде, Есентай өзеннің шығыс – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қарама-қарсы) (ресми сайт - www.kacd.kz , байланыс телефоны 8 (727) 262‑08‑46, 355-47-60) орналасқан «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» енгізілгенге дейін жүргізілмейді.