«Волковгеология» акционерлік қоғамы БСН 940740001484, Қазақстан Республикасы, 050012, Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 168, мекенжайында орналасқан, ЖСК KZ646010131000206180 «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (БСК HSBKKZKX), 2025 жылдың 30 мамырда қорытындылары шығарылған акционерлердің жылдық жалпы жиналысында «Волковгеология» АҚ жай акциялары бойынша 2024 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдағанын хабарлайды.
«Волковгеология» АҚ Жарғысына, сондай-ақ «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңына сәйкес, «Волковгеология» АҚ артықшылықты акциялар бойынша 2024 жылға дивидендтер төлеу 2025 жылдың 16 маусымнан бастап жүзеге асырылады.
Артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеуге жіберілетін сома – 644 784 (алты жүз қырық төрт мың жеті жүз сексен төрт) теңге.
«Волковгеология» АҚ артықшылықты акциялары дивидендінің кепілді мөлшері 8 теңге 50 тиынды құрайды.
Акционерлерге дивидендтер төлеу банктік аударым арқылы есеп айырысу шоттарына ақшаны аудару арқылы жүзеге асырылады.
