«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ («Қазатомөнеркәсіп» немесе «Компания») Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі («Fitch») Қазатомөнеркәсіптің кредиттік рейтингін «Тұрақты» болжамымен «BBB» деңгейінде растағанын хабарлайды.
Үкіметпен байланысты ұйымдардың (GRE) рейтинг өлшемшарттарына сәйкес, Fitch Қазатомөнеркәсіптің 75% акциясына иелік ететін түпкілікті ірі акционері – Қазақстан Республикасымен («BBB»/«Тұрақты») шектеулі байланыста болуын ескере отырып, оны дербес компания ретінде бағалады.
Бұл растау Қазатомөнеркәсіптің әлемдік уран өндірісі нарығындағы жетекші орнын, соның ішінде әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілетті шығындар позициясымен негізделген мықты қаржылық жағдайын көрсетеді. Fitch сонымен қатар Компанияның қызмет көлемін, келісімшарт бойынша өндіріс көлемдерін және уран өнімдерінің негізгі тұтынушыларымен ұзақ мерзімді қарым-қатынастарын атап өтеді.
Қазатомөнеркәсіптің рейтингі туралы Fitch 2026 жылғы 25 тамызда жариялаған баспасөз релизімен Fitch Ratings сайтында танысуға болады.
Дереккөз: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ баспасөз қызметі.

