Негізгі мазмұнға өту
27 тамыз 2026

Қазатомөнеркәсіп отандық тауар өндірушілерді сатып алуларға тарту бойынша дөңгелек үстел өткізді

Қазатомөнеркәсіптің дөңгелек үстеліне қатысушылар қол қойылған құжаттармен алмасуда

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Астанада отандық тауар өндірушілерді компанияның сатып алуларына тарту мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді. Ұлттық атом компаниясы мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП, Қазақстан машина жасаушылар одағы, «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС және отандық бизнес өкілдерінің басын қосты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар импортты алмастырудың перспективалы бағыттарын, қазақстандық өндірушілердің сатып алуларға қатысуын кеңейту мүмкіндіктерін және қолжетімді қолдау тетіктерін талқылады.

Қазатомөнеркәсіп отандық жеткізушілер базасын дамыту және сатып алулардағы қазақстандық өнімнің үлесін арттыру бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда. Басым бағыттардың қатарында өнімнің жаңа түрлерін игеру және өндірістік мүмкіндіктерді кеңейту бар.

Дереккөз: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Instagram парақшасы.